01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық ету кезінде Иран мәселесін шешуде зор ықпал етті. Бұл туралы Брюссельде Орталық Азиядағы Еуроодақтың арнайы өкілі Пьер Морель мәлімдеді. Конференцияға Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің, Еуроодақ жанындағы Орталық Азия елдері елшіліктерінің өкілдері, жетекші еуропалық сарапшылар мен журналистер қатысты. Еуропалық дипломат Пьер Морель қауіпсіздік проблемаларын шешуде ОБСЕ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және Азиядағы өзара қарым-қатынасы және сенім шараларына арналған Кеңес сияқты ұйымдардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге Орталық Азиядағы Еуроодақтың арнайы өкілі ресми Астана мен Брюссель арасындағы диалогтың деңгейі жоғары артып келе жатқанын бағалады.
 
Пьер Морель, Орталық Азиядағы Еуроодақтың арнайы өкілі:
Біз Қазақстанның жасаған қадамдарын және ИЫҰ шеңберінде ирандық проблема бойынша өткізіп жатқан кездесулерін жіті бақылаймыз. Иранның айналасындағы дағдарыс пен Тегеранның айтарлықтай ядролық қару шығару жөніндегі қауіпті жоспары контекстінде, біз бұл тақырыпты жуырда Брюссельде Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуінде турасынан талқыладық.                     
                                                                               
Жанат АХМЕТОВА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.