01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ақтөбеде белгісіз біреулер Ресей президенттігіне үміткер Михаил Прохоровтың насихат жарнамасын ілген. Қазір көше бойына  үлкен билбордты заңсыз іліп, рұқсатсыз насихат жүргізгендер іздестіріліп жатыр.  
 
Прохоровтың насихат билборды 312-атқыштар дивизиясына 40 минут қана ілінген.  Ал билбордты  орнатқандар   бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіге де салған. «Альфа Медиа» серіктестігіне тиесілі бос тақтаны бәзбіреулер рұқсатсыз пайдаланыпты. Заң бойынша әлеуметтік жарнама жасау үшін қалалық ішкі саясат, сәулет және қала құрылысы бөлімі жобаны бекітіп беру қажет. Алайда,  өңірдегі құзырлы мекемелер бұл істен бейхабар. Олардың кім екені белгісіз. Бұл іспен енді ішкі істер қызметкерлері айналысатын болады.
 
Бөкей Біртай, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы:
Ақтөбе қалалық сәулет және құрылыс бөлімімен ондай баннер іліуге рұқсат алынбаған және жоба бекітілмеген. Қазіргі таңда қалалық әкімшіліктен сәулет бөлімі мен қалалық ішкі істер бөліміне осы жайтты тексеріп, шара қолдану жөнінде тапсырыстарды міндеттелді.
 
 
 
 
 
 
 
 
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.