01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Биыл ел Президенті қалың жұртшылыққа Жолдауында отандық ғалымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, болашағы бар ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды Үкіметке шегелеп тапсырды. Бұл бастамалар ғалымдардың жігерлерін жаныды. Бұрын оларды күнкөріс мәселесі алаңдататын. Елбасы айтқан «Ғылым туралы» жаңа заң «біздің әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді жетісулық ғалымдар.
 
Күлімкөз Сантаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:
Жолдау негізгі нақты-нақты 10 бағыттан тұрады. Соның ішінде әсіресе, мынау ғылым-білім саласына көбірек тоқталды. Жастар мәселесіне көбірек тоқталды. Ғалымдарға үлкен міндет артты... Біз тек білім ғана беріп қоймай, әрбір қазақстандық жасты, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тәуелсіздігіміздің қадірін білуге тәрбиелеуді көздейміз. Осы Жолдау ғылым мен білімді көтеруге үлкен көмегін көрсетеді, үлкен жол ашады.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.