Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Георгий Кан, Қазақстандағы корей қауымдастығының вице-президенті:
Менің ойымша, педагогикалық құрамның сапасын арттыру өте маңызды. Өйткені, қазір елімізде білім жүйесінің әлсіз тұстары жетерлік. Елбасы Жолдауында негізгі педагогикалық білім стандарттары, мектептер мен жоғары оқу орындары мұғалімдерінің біліктілігін көтеру талаптарын күшейту қажеттігін атап өткен. Мұны бәсекеге қабілетті ел өрендерін даярлап шығу мен Еуропамен тереземізді теңестіруге бағытталған маңызды қадам деп білемін.
Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:
Кешегі Елбасының Жолдауында айтып жатыр. Спортты көтеру - ол халықтың өскендігі. Сондықтан біз басқа елден гөрі қазір спортымызды одан әрі дамытамыз деген мәселе көтеріп жатыр. Қаншама мектептер салу, интернаттар салу, әрбір ауданда үлкен-үлкен спорт сарайлары салынып жатса, ол біз үшін де, бүгінгі ұрпақ үшін де, қазақ халқы үшін де керек нәрсе.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.




Көшіру | pdf
