01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өткен жылы қанатқақты жоба ретінде еліміздің тек кей аймақтарында ғана қолға алынған «Жұмыспен қамту» бағдарламасы биыл кешенді түрде іске асырыла бастады. Жолдауда мемлекет басшысы барлық аймақ әкімдеріне бағдарламаны жүзеге асыруды жеделдетуді мықтап тапсырды. Қазір елде 8 жарым млн. адам тұрақты еңбек етіп жатыр. Жыл аяғына дейін бұл саны тағы да артып, жаңа жұмыс орындары  ашылады.   
 
Алдан Смайыл, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:
Енді арадағы жұмыссыз жүрген жастар бар. Олар оқу бітіре салысымен, жұмысқа тұра алмай қалуы мүмкін. Немесе, ауылдық жерлерде, шағын қалаларда өз мамандығы бойынша кәсіп таппай қалуы мүмкін. Осындай қиындықтар бар. Мына Жолдауда соны жоюдың барлық негіздері атап көрсетілген.
 
Ақмырза Рүстембеков, ҚР Сәулетшілер Одағының президенті:
Бұл негізі сәулетшілердің де жалпы жауапкершілігі. Ол кіші шаршы метр болса да, бірақ оның сапасы да, тұрғын комфорты да, бәрі де сәйкес болып тұру керек бүгінгі өмірге қарай. Сол себептен бұл маңызды, үлкен бір тапсырма деп есептейміз сәулетшілердің өзі.    
 
 
 

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.