Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Қолда бар мәліметке сүйенсек, қауіпті затты жергілікті тұрғындар байқап, тиісті органдарға хабар берген. Қазір мұнда арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Қауіпті зат табылған аймақ қоршалып, барлық қозғалыс шектелді. Қала шетінде орналасқан бұл аумақта азық-түлік сақтау қоймасы, басқа да ғимараттармен қатар қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «Тараз энерго орталығы» мекемесі орналасқан. Әскерилердің сөзіне қарағанда, табылған зат оқу-жаттығуға арналған мина болуы мүмкін. Оның бұл жерге қалай, қайдан келгені тергеу барысында белгілі болмақ.
Денис Гузема, инспектор:
Ешқандай қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша, бұл оқу-жаттығу минасы. Дәл қазір басқа ештеңе айта алмаймын. Барлық фактілер кейінірек белгілі болады.
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.






Көшіру | pdf
