01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аусыл ауруы шықты. Індетке  ұшыраған 91 ірі қара өртелді. Ауданда карантин жарияланып, мамандар аурудың  шығу себебін анықтап жатыр. Мойынқұм ауылында жұқпалы дерт 7 үйдің ірі қара малынан тараған. Мамандар індет қоңсы қырғыз елінен келуі мүмкін дейді. Қазір аудан көлемінде екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Мақсат - қатерлі аурудың таралуына жол бермеу. Аусылдың жаппай белең алуына қатысты Мойынқұмда жедел жиын өтті. Онда жойылған малдың орнына өтемақы төлеу мәселесі көтерілді. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын көлемі есептеледі.  
 
Сәрсембай Солтанбеков, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті облыстық инспекциясының бастығы:
Күнделікті мониторинг жүргізіп жатырмыз. Тағы ошақ шықпасын деп барлық округтарда. Қазір бізде, Мойынқұм ауданында 27 мың ірі қараға, 247 мың ұсақ малға вакцина келіп түсті. Бүкіл инспекторларды жұмылдырып, қадағалап, егу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
 
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.