Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Конференцияға қатысушыларға Жапониядан келген сарапшы дәріс оқыды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған бұл кездесуде Кайдзен философиясын меңгерген ресейлік қонақтар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Жаңа технологияны Қазақстандағы кәсіпорындар былтырдан бастап, жұмыстарына енгізіп жатыр. Бірақ, әзірше олардың қатары санаулы. Кайдзен философиясының басты қағидасы еңбек өнімділігінің сапасын арттырып, шығындарды қысқарту. Менеджменттің осы заманғы әдісі елімізде «Өнімділік – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы дамып келеді.
Казучика Сато, Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттiгiнің сарапшысы:
Менеджмент бірінші кезекте адамға бағытталуы керек. Яғни, түрлі қондырғылар мен құрал-сайманнан бұрын адам маңызды. Кәсіпорын жұмысын жоғары деңгейде жүргізу үшін, ең алдымен, адамның ақыл-парасатын, тапқырлығын дұрыс пайдалана білуіміз керек. «Кайдзен» дегеніміз – үнемді өндіріс және үздіксіз жетілдіру. Бұл үрдіске жоғары буын менеджерімен қатар қарапайым жұмыскер де, яғни, барлығы қатысады.
Шынар Раисова, конференцияны ұйымдастырушы:
Жапония елі бұл экономиканы дамытудың жақсы көрсеткіші, олардан үлгі алуға болады. Сондықтан, біз осы елден білікті маман шақырдық. Мақсатымыз, Кайдзеннің қыр сырын біздің кәсіпкерлерге үйрету. Олар оны жақсы меңгеріп алса, артық шығынсыз өндірген тауарларының сапасын жоғарылатады. Бұл өз кезегінде, тауардың өзіндік құнын төмендетеді. Бұл, әрине, өте маңызды.
Берік КӨШЕРБАЕВ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.




Көшіру | pdf
