Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңының талаптарына сай өтті. Электоралды кезеңді қадағалау жұмыстары осыны көрсетті. Дауыс беру күнін қоса алғанда прокуратура органдары жеке және заңды тұлғалардың 536 өтінішін қарады. Олардың 64-і - Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға, 472-сі - мәслихаттардың депутаттарын сайлауға қатысты болған. Бұл өтініштердің 50-і қанағаттандырылып, 168-і бойынша заң талаптары түсіндіріліпті. Тағы - 143 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. 23 өтініш қазір прокурорлар қарауында. Азаматтардың конституциялық құқы бұзылды деген шағымдар мүлдем расталмаған. Әрбір шағымды жіті тексерген прокурорлар осылай дейді.