01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Дағдарыстан кейін діңкелеп қалған банктер әлі күнге ес жия алмай отыр. Сол себепті де шағын кәсіпкерлікті кең көлемде несиелеуге шамалары жетпей жатыр. Әрі, үстемақылары да жоғары. Бұл тығырықтан шығу үшін Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану керек.
 
Бүгін Астанада өткен құрылтайда «Атамекен» сауда-экономикалық палатасының жетекшілері шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің осындай жолын ұсынды. Бұл соманың мөлшері әзірге белгісіз. Жобалап айтқанда, шағын кәсіпкерлікті аяғына тұрғызуға 5 млрд. доллардай қаражат көзі қажет көрінеді. Елімізде үдемелі индустриялды даму жобалары жүзеге асырыла бастағалы Елбасы ұдайы жаңадан кәсіп бастаймын деушілерге қаржы ресурстарының қолжетімді болуын айтып келеді. Алайда бұл іске банктердің белсене араласуына қаржы тапшылығы қолбайлау. Мәселен, өткен жылы шикізаттық емес сектордағы шағын және орта кәсіпкерлікке 468 млрд. теңгеге жуық қаржы берілсе, оның 20 пайызы ғана банктерден бөлінген несиелер. Бұл тым аз. Сондықтан Ұлттық қор қаржысын пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді деп есептейді «атамекендіктер».
 
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» Одағы» Қазақстан сауда-экономикалық палатасының басқарма төрағасы:
Ал өндірісті көтеру оңай емес. Оған 1 жылдық, 2 жылдық несие керек емес. Оған кем дегенде 7-10 жылға керек ол өндірістің өзін ақтап шығуы үшін. Сосын өндірісті, қазіргі сауда-саттық, басқа салаларға беретін несие қазір 16-18 пайыз болса, жылдық көрсеткіші, банкілердің беріп жатқан мүмкіншілігі, ал өндірісті көтеру үшін кем дегенде 7-8 пайыз, ал нағызында қарасақ, 5 пайыздық несиелер керек. Оның тағы 1-2 жылдық каникулы болу керек. Өндірісті аяғына тұрғызып алғанға дейін. Егер үкімет тарапынан осындай қолдау көрсетілсе, өндіріс аяғынан тұрып кетеді деген сенімдеміз.  
 
Мөлдір НҰРМАН         

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.