01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Қазақстанда жасалғанды сатып ал» атты республикалық сұхбат өтті. Отандық өндірушілерді қолдауға шақырған шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесіне кіретін компания өкілдері мен отандық өндірушілер, еліміздің жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшылары қатысты. Қазір елімізде индустриялық даму бағытында инновациялық жобалар жүзеге асуда. Оған шетелдік инвесторлар да тартылуда. Өйткені, отандық өнім шетелдік нарыққа экспортқа шығып, бәсекеге қабілетті екенін танытуы қажет.
 
Отандық өнімдерді сатып алу арқылы қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді мақсат еткен шара жергілікті тұтынушылар сауаттылығын арттыруға да бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық отандық кәсіпкерлерді қолдау мен олардың өндірген өнімдерін сатып алу арқылы салықтың өз елімізде қалуына жағдай жасап, ел экономикасының тұрақты дамуына сүбелі үлесін қосатынын айтты. Сондай-ақ, сұхбат алаңында тауарға тапсырыс берушілер мен оны жеткізушілер арасында өзара мәмілелер жасалды. Бірыңғай экономикалық кеңестіктің миграциялық саясатының да мәселелері көтерілді.
 
Төлеген Мұқанов, республикалық тау-кен өндірісі кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы  бастығының орынбасары:
Үкіметтен де көмек керек. Себебі, мысалы, инвесторларға, біздің Қазақстанның инвесторы болсын, шетелдің инвесторы болсын, егер де өздері бір тауар шығарамын десе, оған инвестициялық заң бойынша жеңілдіктер бар. Сол жеңілдіктерді пайдалануы керек.
 
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары:
Индустрия министрлігінде 100 инструмент бар. Ол, біріншіден, ұзақ контрактілер. Осы жылы біз 500 миллиардтан кем емес контрактыны ұзақ мерзімге беріп жатырмыз. Содан кейін, кредит жағынан көмектесіп жатырмыз. Осында бір-бірін кездестіріп, көрсетіп, тендер жағынан консультатция беріп, сол жағынан көмектесіп жатырмыз.
 
Жанат ЖАНҰЗАҚ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.