01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

 

Әлем халқын алаңдатқан дағдарысқа Қазақстанның дайындығы қандай? Билік пен бұқара өтпелі қиындықтан өкінбей өтуі үшін не істеу керек? Осы және өзге де сауалдарға экономист ғалым, Тоқтар Есіркепов жауап береді.
 
-Әне-міне дегенше әлемде қаржылық дағдарыс та басталып кетті. Еуропа жұрты елең-алаң күй кешуде. Осы дағдарыс бізге қашан жәнеқ айтып келуі  мүмкін?
 
-Біріншіден, мен мұны қаржылық  дағдарыс дегенен көрі  жүйелі дағдарыс деп атар едім. Бұл қаржылық дағдарыс әлемде 2007 жылы ипотекалық дағдарыстан басталып,  одан ағымдық қаржылық дағдарыс болып, одан кейін экономикалық дағдарысқа айналды. Қазір соның екінші толқыны келе жатыр дейді.  Басында банк секторынан басталып кейіннен әлем экономикасын шарпыды. Бұл дағдарыстың соңы әлемнің кейбір елдерінде әлеуметтік дағдарысқа, саяси дағдарысқа да ұласып кетті.
 
- Әуелгі  дағдарыс  АҚШ-тың «Леман-бразерс» банкінен бастау алғанын білеміз, осы жолы Еуропадан басталуы неліктен?
 
 -Бірінші ипотекалық дағдарыс АҚШ- тың банк жүйесін шарпыды. Мемлекет мол қаржы құйып, дағдарысты еңсеру шараларын жүргізіп, оңай шығып кетті. Еуропа елдері де сол кезде өздерінің банк секторына сырттан қаражат  көп құйды. Осылайша сыртқы қарызы өсіп кетті. Сондықтан Еуропадағы осы жолғы дағдарыс банк жүйесінің емес, мемлекет қарызының әсерінен болып отыр.
 
-Өткен қаржы дағдарысы кезінде есіңізде болса, бізге бұл дағдарыс келмейді, бізге еш әсері болмайды дегенбіз. Бірақ нәтижесінде бізге дағдарыс келді. Келді де, алдымен отандық банктерге соққы жасады. Олардың біразы сыртқы қарызын қайта құрылымдады, біразы мемлекет қаражатының есебінен аман қалды. Құрылыс компаниялары да біраз шығын шекті. Үлескерлер дауы басталды. Осы жолғы дағдарыста осындай келеңсіздіктер болуы мүмкін бе?
 
-Бұл жолғы дағдарыста қаржы институттары қинала қоймас, өйткені біздің үлкен қарызымыз жоқ. Бірақ шикізат секторына әсер етуі мүмкін.   Өйткені біздің мұнай секілді шикізатымыздың  негізгі импортеры  Еуропа елі. Біздің экспорттың 50 пайызы Еуропа елдеріне кетеді.  Егер Еуропада дағдарыс болып, ақшадан қиналатын болса онда мұнайға деген сұраныс азайып кетуі мүмкін. Ал біздің экономиканың бірден-бір асыраушысы шикізат секторының табысы төмендесе онда бюджеттің кірісі де кемитіні сөзсіз.
 
-Президенттің 10 тармақтан тұратын биылғы Жолдауына қалай баға бересіз. Осы Жолдауды қаржы дағдарысын еңсеруге бағытталған басты құжат деп бағалауға бола ма?
-Болады. Өйткені ең бастысы экономиканы әртараптандыру айтылған. Дағдарыстан біз не үшін қорқамыз, бізде ашық экономика ғой. Ал ашық экономика болған соң басқа елдерге тәуелдіміз. Сондықтан басқаларға тәуелділікті азайтуымыз керек. Ал оны азайту үшін экономиканы әртараптандыру керек. Мұның бәрі жолдауда қамтылған.
 
-Тоқтар аға сұхбат бергеніңізге рахмет, өзіңіз де өзгеміз де қаржылық дағдарыстан қиналмай шығайық.
 
Сұхбаттасқан  Есболат  АЙДАБОСЫН
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.