Ақпенова Раушан Тулиқызы

1959 жылдың 17 наурызында туған. 1981 жылы Мәскеудің электротехникалық байланыс институтын «Радиобайланыс, радиотарату және телевизия» мамандығы бойынша бітірген. «Тұран» университетінде заңгерлік білім алған. Еңбек жолын телевизияның магистралдық байланысы республикалық желісінде инженерліктен бастаған. 1981-1995 жылдары Теле және радиотарату комитетінің ПТО бастығы, аға инженері болды. 1995-1996 жылдары ҚР Президенті Телерадиокешенінің инженері болды. 1996-1998 жылдары «Қазақтелеком» ҰК-ның ТТ, РТ және спутниктік байланыс Департаментінде бас маман, жетекші, менеджер болды. 1998 жылы телекоммуникация бөлімінің бастығы, кейін телетарату және радиотарату басқармасының бастығы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ Департаменті директорының орынбасары. 2004-2008 жылдары «Мир» МТРК ЦКНФ директорының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ-ының техникалық директоры.