Аймақтық желі
- Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы
1990 жылы телерадиокомитеттің құрамында құрылды. 1990 жылы 5 қарашада алғашқы хабарын 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы орналасқан көне ғимарат телекешенге бейімделіп, құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде жаңартылды. Жаңалықтар мен үлкен хабарларға бейімделген екі студия бар. Телекешен заманауи техникамен жабдықталған. Спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы телевизиялық станция бар.«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы қазіргі таңда жылжымалы телевизиялық станция арқылы облыстың кез келген жерінен тікелей эфирде хабар таратуға толық мүмкіндігі бар. Хабарлар тәулігіне 14 сағат эфирге шығуда. - Біздің ұжым
Омарханов Ғалым Орынбасарұлы, филиал директоры
1960 жылы 28 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан аулында дүниеге келген. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1984-1996 жылдары Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде тілші, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1996-2000 жылдары Павлодар облыстық телерадиокомпаниясында бас редактордың орынбасары, бас редакторы. 2001-2003 жылдары Павлодар облысы әкімдігінің консультанты-бас маманы. 2002-2003 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі. 2003-2004 жылдары «Қазақстан-Павлодар» телекомпаниясы директорының орынбасары. 2004-2007 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті телерадиохабарларын тарату қызметінің бастығы. 2007-2009 жылдары республикалық «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары. 2009 жылдың маусымнан «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры. ҚР Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы сыйлығының лауреаты. Астананың тұсаукесеріне орай дайындаған телехабарлары үшін 1998 жылы «Астана» медалімен марапатталды.
Қуанышбаева Гүлсара Сапарқызы, филиал директорының орынбасары, бас редактор ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1993 жылдың қыркүйегінен «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында редактор, 1998 жылдан аға редактор. 2010 жылдың қыркүйегінен филиал директорының орынбасары, бас редакторы. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат және облыс әкімінің және ҚР Қазақстан Журналистер Одағының Алғыс хатымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері.
Матаев Нұрғали Романұлы, режиссері
1973 жылы 29 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2007 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді "режиссер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылдың қыркүйек айында жарық беруші қызметінен бастаған.
Cұлтанов Қаһарман Сейтқұлұлы, бас инженер
1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын «радиоинженер» мамандығы бойынша аяқтаған. 1997 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында инженер, бас инженер қызметтерін атқарды. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Құтымбетова Бақтыгүл Бартайқызы, бас есепші
1985 жылы Алматы халық шаруашылық институтын "есеп-қисап" мамандығы бойынша бітірген. 1985-1988 жылдары ПМК-50 құрылыс мекемесінде бас есепшінің орынбасары. 1988-1994 жылдары УПТК ОАО «Агрострой» мекемесінде бас есепшінің орынбасары. 1994-2006 жылдары АҚ "Химфарм" мекемесінде бас есепшінің орынбасары қызметінде. 2006 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында бас есепші. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталған.
Тойымбетов Бахтияр Құттыбекұлы, аға менеджер
1980 жылы туған. 1998 жылы Экономика және құқық колледжін, 2004 жылы Алматыдағы Экономика және статистика академиясын бітірген. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында ақылы хабарлар жөніндегі штаттан тыс редактор, менеджер. 2008 жылдан аға менеджер. - Жетістіктер
«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы ұжымы қызметкерлері - Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы, мақтау қағаздары, Алғыс хат иегерлері.Бұқаралық ақпарат құралдары арасында жыл сайын өткізілетін «Дидар», «Оңтүстік эфир», «Объектив» аталымдарының жеңімпазы, «Ақжелкен» бағдарламасы «Евразия айналымы» халықаралық байқауларының лауреаты. Телеарна журналистері Баубек Бұлқышев, Саттар Ерубаев, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлыққа, Үкіметтік марапаттарға қол жеткізген. - Бағдарламалар
«Оңтүстік ақпарат»
Облыс көлемінде болып жатқан жаңалықтардың күнделікті топтамасы.Ұзақтығы: 40 мин.Тілі: қазақ және орыс«Уақыт-керуен»
Апта ішіндегі оқиғаларға шолу, талдау-сараптау жасайтын түйінді бағдарлама.
Ұзақтығы: 30 мин.Тілі: қазақ«Анық-қанық»
Бағдарламаның басты мақсаты - бүгінгі күннің өзекті мәселесін талдау, зерттеу.
Ұзақтығы: 20 мин.Тілі: қазақ, орыс«Дауа»
Бағдарламаның басты мақсаты - салауатты өмір салтын, денсаулық саласы қызметін насихаттау.
Ұзақтығы: 10 мин.Тілі: қазақ«Тіршілік»
Бағдарламаның басты мақсаты - нарық жағдайындағы тіршілікті қаз-қалпында жеткізу, кейіпкердің бейнесін ашу.Ұзақтығы: 15 мин.
Тілі: қазақ«Балдырған»
Бағдарламаның басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің тыныс-тіршілігінен көрерменді хабардар ету, журналистиканың жүгін көтеруге белін буған балалардың қанатын қатайту. Арнайы қонақ шақырылып, сыр сұхбатқа тартылады. Балалық шаққа саяхат жасалады.
Ұзақтығы: 15 мин.Тілі: қазақ«Жастық жанары»
Бағдарламаның басты мақсаты - жастар өмірі, тыныс-тіршілігі, олардың көкейкесті мәселелері туралы ой қозғау.
Ұзақтығы: 20 мин.Тілі: қазақ«Бетпе-бет»
Қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселеге байланысты студияға қонақ шақырылып, тікелей эфирде жүргізілетін хабар. Берілу формасы - сұхбат түрінде.
Ұзақтығы: 30 мин.Тілі: қазақ«Қайырлы күн»
Бағдарламаның басты бағыты - күн сайын тікелей эфирде облысымыз бен қала жаңалықтарын жеткізу, пайдалы кеңестер беру, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау болып табылады.
Ұзақтығы: 60 мин.Тілі: қазақ«Юртимиз жамоли»
Бағдарламаның басты мақсаты - облыстағы өзбек ұлтының тыныс-тіршілігінен ақпарат беру.
Ұзақтығы: 20 мин.Тілі: өзбек«Өзіміздің өнім»
Отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында дайындалатын хабар.
Ұзақтығы: 20 мин.Тілі: қазақ, орыс.«Жансарай»
Облыстың әдеби және мәдени өміріне, өнер адамдарының шығармашылығына арналған хабар.
Ұзақтығы: 20 мин.Тілі: қазақ«Дода»
Қоғамдағы келелі мәселелерді талқылау, алуан пікірлерді ортаға салу, қоғамның әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері туралы ой қозғау.
Ұзақтығы: 30 мин.Тілі: қазақ, орыс«Тағдыр»
Бағдарламаның басты мақсаты - тағдыр талқысына түскен адамдардың өміріне қоғамның назарын аударып, қол ұшын созу.
Ұзақтығы: 20 мин.Тілі: қазақ
- Қарым-қатынас
Мекенжайы: 160000, Шымкент қ., Қазыбек би к., 20 - үй.
Байланыс телефондары: 53-62-07; 53-06-14
e-mail: shimkaztv@mail.ru; uktv_aha@mail.ru



Көшіру | pdf
