Аймақтық желі

  • Маңғыстау облыстық филиалы

     
    1970 жылы шілде айында Гурьев облысы бойынша Шевченко телеарна студиясы мен Шевченко телевизиялық орталығы құрылды. Телевизиялық орталықтың 100 шаршы метрді құрайтын студиясында екі дана ғана телевизиялық КТ-17 камерасы болды. В.И.Лениннің 100 жылдығына орай алғаш сынақтама бағдарлама эфирге шықты. Сол уақыттағы телевизиялық жабдықтар үшін бұл ең биік жетістік еді. 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы бағдарламасы көрерменге жол тартты.

    1972 жылы 28 желтоқсанда Гурьев облысының Шевченко телевизиялық орталығы Гурьев облысының Шевченко радиотеле орталығы деп өзгертілді. Маңғышлаққа алғаш рет 4 500 шақырымды қамтитын республикалық бағдарлама жетті;
     
    1973 жылы 20 наурызда Шевченко телеарна студиясының жанынан Маңғышлақ облыстық телерадио комитеті құрылды. 3 мамырда алғашқы радиобағдарлама эфирге шықты. «Буря» радиостанциясы жөндеуден өткізілді. 25 000 Вт қуаттылықпен радио торабы тек облыс көлемін ғана емес, шет аймақтарды да қамтыды;
     
    1974 жылы 5 наурыздан бастап «Орбита» коммерциялық байланыс станциясы іске қосылды;
     
    1974 жылы «Электрон» бейнемагнитофоны пайда болды;
     
    1978 жылы телерадио комитеті Маңғышлақ облысының телевизия және радиохабарлар комитеті деп өзгертілді;
     
    1986 жылы аппараттық студия кешенінде түрлі-түсті хабар тарату жабдығы орнатылды;
     
    1990 жылы Маңғыстау облысының құрылуына байланысты, 1 қазаннан бастап комитет Маңғыстау облыстық ТВ және РВ комитеті деп өзгертіліп, тәулігіне ТВ 1 сағат, РВ 1,5 сағат хабар таратты;
     
    1992 жылы Маңғыстау облыстық комитетінің қайта құрылуына орай, ТВ және РВ, маңғыстаулық радиотеле орталық біріктірілді;
     
    1994 жылы ТВ және РВ Маңғыстау комитеті Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясы деп өзгертілді;
     
    2003 жылы Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясы «Қазақстан» РТРК АҚ Маңғыстау облыстық филиалы деп өзгертілді;
     
    2004 жылы 1 желтоқсанда облыстық радио жұмысын тоқтатты. «Кателко» ғарыштық байланыс станциясы монтаждалып, облыстық телекомпанияның бағдарламалары эфирге беріліп, 1 сағат көлемінде бүкіл Маңғыстау облысын қамтыды. Облыс бойынша 45 қатынас жүргізу пункті орнатылып, шалғай елді мекендерге де хабар тарату мүмкіндігі туды. 11 наурыздан бастап, аппараттық студия блогының қатарына заманауи сантаңбалық телевизиялық жабдық енді. 14 мамырда Маңғыстау облыстық телеарнасының қатысуымен, Қазақстан бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен телекөпір өткізілді;
     
    2005 жылы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының хабар таратудағы жалпы көлемі тәулігіне 6 арна бойынша 14 сағатты, 8 арна бойынша 1 сағатты құрап, облыс бойынша 96% қамтыды. Эфирге жергілікті дайындалған 50-ге жуық бағдарламалар беріліп, эфир уақытының 60 пайызын иемденді;
     
    2006 жылы 25-27 тамыз аралығында өткізілген «Каспий-достық теңізі» фестивалін тікелей эфир арқылы тамашалау мүмкіндігіне ие болды;
     
    2007 жылы 14 наурызда студиядан тыс жерде Ақтау мен Астана қалалары аралығында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен телекөпір ұйымдастырылды. Қала тұрғындары көкейкесті сауалдарына нақты жауап алды;
     
    2007 жылы шілдеде Маңғыстау ауданындағы цемент зауытының құрылысы бастау алатын шөлейт жерден Астанамен телекөпір арқылы байланыс орнады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев салтанатты түрде іргетасын қалауға рұқсат берді.  «1 каналмен» бірлесе отыра студиядан тыс «Ақтау-Мәскеу» телекөпірі өтті. Тікелей эфирде Ресей Президенті В.Путинмен Ақтау халқы сұхбаттасты;
     
    2007 жылы 1 тамыздан бастап «INTELSAT-904» спутнигі арқылы (кейін «Казсат» арқылы) параболалық толқынжимамен «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының бағдарламаларын Орта Азия мен Ресейдің кез келген нүктесінен тамашалауға болатын. 14 сағаттық хабар тарату жүйесі жолға қойылды;
     
    2008 жылы қараша айынан бастап жаңа хабар тарату жабдығы облыстың тағы 24 елді мекенін қамтыды. Енді бұл жүйе арқылы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының 14 сағаттық хабар тарату тізбегі облыстың 100 пайызын қамтыды;
     
    2009 жылы 4 камералы жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді, жылжымалы ПТС көлігі 7 мамыр күні алғашқы түсірілім алаңына шықты;
     
    2010 жылы 12 мамыр күні Жеңістің 65 жылдығы мен «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының 40 жылдығына орай, облыстық «Маңғыстау радиосы» күнделікті хабар таратуын бастады. «Маңғыстау радиосы» 100.1 FM желісі арқылы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 15.00 пен 17.00 дейін эфирге шығады. Радионың хабар тарату қызметі Ақтау қаласынан 100 шақырым қашықтықты ғана қамтиды;
     
    2010 жылы 9 маусымда облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тарихында тұңғыш рет Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы және Бейнеу ауданынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен техникалық құрылымы күрделі телекөпір өткізілді;
     
    2010 жылы 28 маусымда Астанамен Республикалық телекөпір өтті. («Назарбаев Университетінің ашылуы» және Баутино к. (кеме жөндеу зауыты), Елбасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаның дамуына байланысты «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» жұмыстарында Маңғыстаудың ірі жобаларын көрсету телекөпірі «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының мамандарының көмегімен жүзеге асты;
     
    2010 жылдың 15 тамызында көрермен көзайымына айналған «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына 40 жыл толды. Ғимараттың 1-ші қабатындағы студия маңында тақырыптық бағдарламалар редакциясы, инженерлік бөлім, хабарландыруларға тапсырыс қабылдау нүктесі және шаруашылық бөлім орналасқан. Ғимараттың екінші қабатында арна әкімшілігі, эфир қызметі бөлімі, жарнамалық және ақпараттық бөлім, ақпараттық редакция, бейнемұрағат, монтаж жасау кабинеттері орналасқан. Арна қызметкерлері ғаламтор желісі жалғанған компьютерлермен қамтамасыз етілген;
     
    2010 жылы 21 желтоқсанда Астанамен Республикалық «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты жалпыұлттық телекөпір өткізілді. Баутин кентіндегі еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының аясында жүзеге асырылған бұрғылау ертінділерін дайындайтын зауыттың ашылу салтанаты республика бойынша тікелей көрсетілімде жүрді.
     
    2010 жылы 22 желтоқсанда  «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы 40 жылдық мерейтойын ресми түрде Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында салтанатпен атап өтті. «Қазақстан» РТРК АҚ МОФ «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының әнұранының тұсауы кесілді. Авторы - белгілі қаламгер, сазгер Көмек Ыбраев.
     
     

  • Біздің ұжым
  • Жетістіктер
  • Бағдарламалар
  • Қарым-қатынас