|
«Майталман»
Кәсіптің оңайы болмайды, қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Әр мамандықтың өзгелер біле бермейтін қыры мен сыры бар. Сондықтан бір жұмыс күні арқылы әр істің құпияларымен таныстыру, қызықты оқиғаларды бастан өткеріп, әсерлермен бөлісуді мақсат тұтқан. «Майталман» хабары - белгілі бір сала қызметкеріне кәсіби мерекеге тарту еткен сыйы ғана емес, жастарға дұрыс таңдау жасауға бағыт беретін бағдарлама.
Редакторы - Елнұр Есмұратова
Эфир уақыты - сәрсенбі, сағат 20.30
Ұзақтығы - 20 минут
Жанры - ақпаратты-танымдық
«Әлеумет»
Әлеуметті толғандырған сауалдарға кәсіби мамандар жауабы. Әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы ашық әңгіме.
Редакторы - Ж.Садыров
Эфир уақыты - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сағат 19.50
Ұзақтығы - 30 минут
Жанры - ақпараттық
«Норматив»
Қазіргі таңда заң ережелерінен бейхабар жандар көп. Осының салдарынан тұрғындар өз құқығын қорғай алмай тығырыққа тіреліп, жапа шегіп жатады. Заңды білу – заман талабы. Бүгінгідей нарықтық қоғамда мамандардан кеңес алудың өзі де ақылы. Ал хабар арқылы көрермен тегін қажетті мағлұмат ала алады. Елімізде қабылданып жатқан жаңа заңдар туралы да көрермендердің танымын арттыру мақсатында мәліметтер толыққанды ұсынылып отырады.
Редакторы - Гүлжан Садықова
Эфир уақыты - жексенбі, сағат 18.40
Ұзақтығы - 15 минут
Жанры - құқықтық-танымдық
«Өрлеу»
Еліміздің егемендік алғаннан бастап күні бүгінге дейін жасалып жатқан мемлекеттің даму жолындағы іс-шаралары мен бастамаларын сараптау, өткен мен бүгіннің ара-салмағы мен Тәуелсіздік тұғырына көтерілген елдің өрлеу жолындағы игі істерін хабарымыздың өзегі ете отырып, көрерменнің танымын арттыру.
Редакторы - Гүлжан Садықова
Эфир уақыты - жексенбі, сағат 20.00
Ұзақтығы - 20 минут
Жанры - танымдық-сараптамалық
«Дегдар»
Облыс көлемінде әр сала бойынша сан түрлі маман иесі бар. Олардың кейбірі өзіндік ерекшелігімен ел есінде қалған,кейбірі елеулі еңбек етіп, халық мақтанышына айналғандар. Сол адамдарды халыққа тереңірек таныту және еңбектерін ұлықтау. Шығармашылықтың адамдары болса, олардың өзіндік қырларын ашу, жұмыстарына талдау жасау. Ал белгілі бір маман иесін өз мамандығының нақ шебері екенін дәлелдету және өмірлік ұстанымдары арқылы бүгінге деген көзқарастарын білу. Адамдық болмыстарын таныту. Өмірден өткен адамдар болса олардың қалдырған іздерін көзкөргендер әңгімесімен ертеңге үлгі ету.
Редакторы - Балауса Халелова
Эфир уақыты - жексенбі, сағат 20.00
Ұзақтығы - 20 минут
Жанры - танымдық
«36,6º денсаулық тележурналы»
«Денсаулық» хабары облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қолдау табуға тиіс. Сауатты ақпарат, кәсіби мамандардың жауаптары – хабардың өзегі. Аурудың пайда болу себептері, республикалық, облыстық көрсеткіштер, емдеу, тамақтану тәртібі сөз болады.
Редакторы - Айнагүл Қалбаева
Эфир уақыты - сәрсенбі, сағат 20.30
Ұзақтығы - 20 минут
Жанры - танымдық
«Екінші студия» телевизиялық пікірсайыс ойыны
Қоғамның бүгінгі тыныс-тіршілігін және қордаланып қалған мәселелерді талқыға салу. Жастар ой талқысын таразылау.
Редакторы - Нұрберген Мақым
Эфир уақыты - бейсенбі, сағат 20.30
Ұзақтығы - 40 минут
Жанры - пікірсайыс
«Тұғыр»
Облыс өңіріндегі болып өткен спорттық шараларға апталық қорытынды жасау, өңірді танымал спортшылармен таныстыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарды насихаттауды көздейді.
Редакторы - Айдос Қарабалин
Эфир уақыты - жұма, сағат 20.30
Ұзақтығы - 20 минут
Жанры - спорттық
«Армысың, Атырау»
Редакторы - Ғалия Шахметова, Амандық Есқалиев, Айымзада Сәндібаева, Айдос Есқалиев.
Эфир уақыты - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сағат 7.30-9.00
Ұзақтығы - 90 минут
Жанры - ақпаратты-сазды, танымдық
|